Сайлауалды науқаны кандидаттарымен танысып, оларға дауыс беру үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесіне тіркелдім. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабардайды Egemen.kz
Алтай Көлгіновтің айтуынша, тұрғындардың азаматтық жауапкершілік танытып, белсенді қатысып жатқаны қуантады. Қатысушылардың ұсынып жатқан бағдарламаларының арасында қала үшін маңызды, мәселен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру, тұрғын үй бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамыту сынды ұсыныстары бар екенін атап өтті.
"Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей, праймериз – әлеуметтік саты. Бұл әрбір тұрғынға еліміздің, қаламыздың дамуына үлес қосып, ат салысуы үшін берілген мүмкіндік. Праймериз барысында алдағы ҚР Парламент Мәжілісіне немесе мәслихат сайлауына партия тізімі жасақталады. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан күндері өтеді", дейді елорда әкімі.