• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қыркүйек, 2020

"Барыс" хоккей клубында 19 адам коронавирус жұқтырды

149 рет
көрсетілді

"Барыс"  хоккей клубында коронавирус жұқтырған 19 адам амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр,  деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еңбек ұжымдарында коронавирус инфекциясы анықталуда. Бұл алаңдатарлық жәйт. Мәселен, 17 қыркүйек күні "Барыс" хоккей командасының әкімшілігіндегі 40 адамға алдын алу тексерісі жүргізілді. Солардың арасынан 11 адамнан коронавирус анықталды", - деді Бағдат Қожахметов. 

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқауымен дереу шара қолданылған. 

"22 қыркүйекте науқастармен бірге болған 29 адамды тексеру барысында команданың 8 мүшесінен ауру анықталды. Олардан коронавирус симптомы байқалмайды. Қазір олар амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр", - деді ресми өкіл.