• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 28 Қыркүйек, 2020

Roland Garros турнирі басталды

121 рет
көрсетілді

Кеше Парижде теннисшілердің «Үл­кен дулыға» санатына жататын жарыс­тарының бірі – Францияның ашық біріншілігі басталды. Бұл жолы осы турнирдің жүлде қоры 38 000 000 долларды құрап отыр.

Roland Garros додасында Қазақстанның бес теннисшісі өнер көрсетуде. Атап айтсақ әлемнің 18 ракеткасы Елена Ры­бакина алғашқы айналымда WTA тізімінде 86-орында тұрған румыниялық Сорана Кирс­тямен, Юлия Путинцева (33 ракетка) бельгиялық Кристен Флипкенспен (79) бақ сынайды. Сонымен қатар Зарина Диас (76) 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы Roland Garros турнирінің жүлдегері тунистік У.Джабирмен кортқа шығады.

Ал ерлер додасында әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде тоғызыншы орында тұрған франциялық Гаэль Монфиспен, Михаил Кукушкин (87 ракетка) италиялық Фабио Фоньинимен (15 ракетка) кездеседі.