• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2020

Байқоңырға ХҒС-64 экспедициясының ғарышкерлері мен астронавтары келді

180 рет
көрсетілді

Байқоңыр ғарыш айлағындағы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС-64) 64-ші ұзақ экспедицияның негізгі және қосалқы экипажы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқоңырға түскен аталмыш экипажды "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының, Байқоңыр қаласы әкімшілігі, ғарыш саласы кәсіпорындары мен Ғарышкерлерді даярлау орталығының өкілдері қарсы алды.

Негізгі экипаж құрамында: Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс. Олардың дублерлері-Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий, Петр Дубров және NASA астронавты Марк Ванде Хай.