• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Қыркүйек, 2020

Саланы жаңғырту – уақыт талабы

417 рет
көрсетілді

Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін, жаңа экономикалық дамытуды жан-жақты ашып көрсетті. Елбасы айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттары есімізде.

Еліміздің Тұңғыш Президенті басымдыққа ие міндеттерді: бірінші – экономиканың жедел­детілген технологиялық жаң­ғыр­тылуын, екінші –  бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту жә­не кеңейтуін, үшінші – мак­ро­экономикалық тұрақтылықты, төр­тінші – адам капиталының сапасын жақсар­туды, бесінші – инсти­туцио­налдық өзгерістерге, қауіпсіз­дікке және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресті белгі­леді. Кешенді міндеттердің көшін цифр­лы технологиялар бас­тап тұруы бекер емес. Заманауи тех­ноло­гияларды ел өмірінің басым сала­ларына енгізу арқылы экономи­калық дамудың жаңа моделін жасау – бүгінгі күннің басты талабы.

Біз ширек ғасырда екі жаңғы­ру­ды өткіздік, біріншісі – на­рық­тық эко­номика қағидаттары бойынша мүлдем жаңа мемлекет құру, екіншісі – 2030 стратегия­сын жүзеге асыру және біздің Отаны­мыздың елордасы – астананы қа­лыптастыру. Мемлекетіміз әлемдік аренада биік белестерге көтері­ліп, даму қарқынын озық елдің қатарына қосылуымен дәлелдеді.

Кезінде Елбасы әлеуметтік-экономи­калық үдерістерді рет­теу­дегі біршама өкілет­тіктерін Үкі­метке және басқа да атқа­ру­шы органдарға тапсыратынын айт­­қан еді. Мемлекет басшысы бұл са­лаға Үкімет, министрлік және әкімдік­тер толықтай жауап бе­реді және өкілет­тіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқы­лы іске асатынын мәлімдеді. Мем­ле­кет басшысы билік тармақ­тарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзы­реттің Парламентке және Үкі­метке берілетінін атап өтті. Ал елдің қауіпсіздігін қамту үшін Үкімет пен Ұлттық қауіп­сіз­дік комитетіне «Қазақ­стан кибер­қалқаны» жүйесін қалып­тастыру шараларын қабылдау тапсы­рылды. Жаңаша дамудың бұл бағыт­тары қазақстандық экономика қар­қынының өсуін орташа әлемдік деңгей­ден жоғарылатып, Қазақ­станның жетек­ші 30 елдің қа­тарына кіруде тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Елбасы жүктеген бес басым­дық­тың төртіншісі – адам капита­лының сапасын жақсарту. Әлем­дік деңгейдегі білім беру мен ден­саулық сақтау жүйелерін қалып­тастырмай, үшінші жаңғыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Ал адам капиталының ең өзектісі – білім. Болашақ – дамудың кепілі. Білім арқылы бәсекеге түсу, соның көмегімен озу қай жағынан маңызды. Елбасы Н.Назарбаев отандық білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту қажеттігіне жете көңіл бөле отырып, білім беруді эко­но­микалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруды атап өтті.

Бүгінде республикамызда білім бе­рудің жаңа жүйесі жасалып, әлем­дік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Со­нымен қа­тар бүгінгі таңда білім беру сала­­сында көптеген модернизация жүргізіліп жатыр. Орта білім бе­рудің 12 жылдық моделі, кәсіптік және техникалық білім беру маз­мұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер даяр­лау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлер мен РҺD докторларды даярлау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бас­тады. Сондықтан қазіргі таң­дағы білімді содан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инно­ва­циялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеу­меттік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр.

Қазір жаһандану дәуірінде ин­теграция­лық процес­тер қарқынды да­му үстінде. Сон­д­ықтан ұлт­тық білім саласы әлем­дік білім ке­ңіс­тігіне кірігусіз дербес дами алмай­тынын бүгінгі қоғам дәлел­деп отыр. Жаңа ғасыр­дың шы­найы кілті саналатын жаһан­дану білім саласына мықтап еніп, соның негізінде әлемдік эко­но­­миканың интеграция­лануы, жаңа ақпараттық техно­логия­лардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыт­тарын айқындауды көздей оты­рып, кадрлар даяр­лау­дың маман­дан­дырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.

Қазіргі кездегі білім беру жүйе­сінің міндеті – білім алушылардың білімді үй­реніп қана қоймай, алған білімін үздік­сіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәр­биелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. «Әрбір ұстаз – білік­ті маман, ал әрбір білім алушы – ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана оты­рып, білім беру үрдісінде кез келген мұ­­ғалім білім сапасын жақсарту мақ­са­тында оқытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келе­ді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсіл арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш бас­ты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәр­бие үдерісін жаң­ғырту; соңғысы, білім беру қыз­меттерінің тиімділігі мен қол­же­тімділігін арттыру.

Осы тұрғыда Назарбаев Зияткерлік мек­тебі жаңа басқару нысанын енгі­зуге, инновациялық білім беру бағдар­ламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ білім беру саласында ең үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жаңа білім беру стандарттарын енгізу үшін жағдай жасалады. Оқушылар екі бағыт бойынша білім алады: біріншісі – физика-математика, екіншісі – химия-биология.

Қай кезеңде болсын көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Қазіргі таң­да әлемнің алпауыт мемлекеттері бірне­ше тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санай­ды. Сондықтан дамыған елдер қатары­нан қалмау үшін бірнеше тіл меңгеруі­міз қажет. Бұл – заман талабынан туын­дап отырған қажеттілік. Се­бебі бір­неше тілде еркін сойлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айна­латыны сөзсіз.

Бүгінгі білім беру жүйесі жа­һан­данған заманда үш тілді мең­гертуге аса назар аударылып отыр. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты бас­палдақтардың бірі.

Ағылшын тілі – жаңа техноло­гия, жаңа индустрия тілі. Жаңа экономиканың қатынас құралы. Қазір қолданысқа қажетті жаб­дықтың 90 пайызы осы тілде. Әр екі жыл сайын олардың көлемі 2 есеге ұлғайып отырады. Сондықтан бүгінгі жас ағылшынша тіл сындырмай, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды. Қазіргі үш тілді дамытудың мәселесіне талас-пікірлер өте көп, бірақ әлем­дік аре­наға шығу үшін ағылшын тілін жетік мең­герген Мәңгілік елге айналуымыз керек.

Жаһандану заманындағы бі­лім беру – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет-ғұрпымыздың, салт-дәс­түріміздің сан қырлылығын игеру, табиғаттың қайталанбас көрінісін ба­ланың есінде қалатындай етіп мұғалім өзі жатқа айту керек. Мысалы, табиғатты жас кезі­нен бала бо­йына сіңірудегі ұлт­тық тәрбиені С.Сейфуллиннің «Көк­шетау» өлеңінен байқауға болады:

Арқаның кербез сұлу Көк­шетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлт­тар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сол сияқты табиғатты жас кезі­нен бала бо­йына сіңіруде ұлт­­тық тәрбиеге негіз болатын ақын-жазушылардың өлеңдері де аз емес.

«Білім беру жүйесін дамыту мен мұға­лім­дердің біліктілігін арт­тыру саласына Жапония, Син­­га­пур, Гонконг, Фин­ляндия, Ұлы­­британия сияқты елдерде білік­тілікті арттыру үшін қаражат бөлі­неді. Және де мұғалімнің білік­тілігін арттыру мәселесі атал­ған елдердің білім саясатында мем­ле­кеттің, біліктілікті арт­тыру орта­лықтарының қолдауы­мен жоғары орында. Сонымен қатар шетелдерде өзін-өзі жетіл­діру жоғары дамыған», деп «Өрлеу» БАҮО» АҚ филиал ди­ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Ахметованың «Роль профессионального развития педагога в модернизации образования» атты баяндамасында айтылған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, биология ғы­лым­дарының докторы А.Б.Би­га­лиевтің «Проб­лемы безопаснос­ти жизни и современные направления в экологии», А.И.Герцен атындағы РМПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы В.Г.Сусловтың «структурная модель личностно-ориентированного учебника и практикума по дидактике географии» баяндамаларынан бүгінгі заман талабына сай білім берудегі жаңаша бағыттарды байқауға болады.

Жаратылыстану ғылымындағы бүгінгі талап – біліп қана қоймай, соны іске асыру, дамыту, жетіл­діру. Халқымыздың әлеу­мет­тік жағдайын, экономиканы, ҒТР, интер­неттің шығуын, әлем кеңіс­тігіндегі ақпа­раттарды балаларға жеткізе отырып, бала­ның дүние­танымын кеңейту арқылы ой-өрі­сін жетілдіріп, ойлау, қабылдау қабіле­тін, психологиялық ой дәрежесін дамыта отырып, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

 

Әлия БЕЙСЕНОВА,

Абай атындағы ҚазҰПУ«География-экология» зертханасының меңгерушісі, ҰҒА академигі