• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 30 Қыркүйек, 2020

Саңырауқұлақты қалдықсыз өндіруде

447 рет
көрсетілді

Қазақ отбасылары кәсіп ете бермейтін саңырақұлақ өсіруге Кентаудағы Гүлнәр Ниязованың отбасы маманданған. Олар «Samruk Kazyna trust» қорының «Әрекет» бағдарламасына қатысып, үш сатылы байқауынан жеңімпаз атанған. Сөйтіп, 2 млн теңгелік әлеуметтік-кәсіпкерлік грантына ие болды.

Үйінің ауласындағы шағын бөл­мелердің бірін саңырау­­құ­лақ ин­кубаторына айналды­рып, екін­шісінде өсіруде. Маман­дар­­дың айтуынша, 100 грамм са­ңы­рауқұлақ құрамында 70 грамм ет, 2 кило алма, 300 грамм фун­дук-орман жаңғағы,10 дана қыза­нақ­тың калориясын береді екен.

Кәсіп ашып қана қоймай, Кентау қаласының тұрғындары Әділет Елшібек, Владимр Позд­ников есімді мүгедек азаматтарды жұмыспен қамтыды. Ал­дағы уақыт­та кәсібін ұлғайтып, еңбек­ке жарамды мүгедек азаматтарды жұмыспен қамтуға ниет етіп отыр.

Ол саңырауқұлақ қалдық­тарын жеміс ағаштарының түбіне орналастырып, мәуесінің мол болуына да көңіл бөлуде. Қазіргі кезде ауласында жүзім, жаңғақ, анар, інжір, орман жаңғағы, сарғал, алша, итмұрын жемістерін өсіруде. Болашақ­та ананас, банан өсіріп көрмек. Кәсіп иесі мұнымен тоқтап қалмай, Кентау қаласындағы колледжінде шағын жылыжай құрылысын бастап кеткен. Ал­дағы уақытта калифорниялық шұбал­шаң өсіріп, жерді табиғи қопсытуды әрі балықшыларға сатуды да ойластыруда. Бәрінен бұрын кәсіпкер Гүлнәр Ниязова қалдықсыз өнім өндіріп қана қоймай, оны күтіп баптауға мүгедек жандарды көптеп тартуды мақсат етіп отыр.

 

Ескендір ЕРТАЙ