Ақтау қаласы 33 ш/а көпқабатты үйлердің бірінен, нақтырақ айтқанда 4-ші қабаттан 4 жасар баланың құлап кеткендігі жөнінде "103" қызметіне шақырту түскен болатын. Оқиға қазан айының 4 күні сағат шамамен 14:55 уақытында болған.Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, жарақат алған баланы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.Бұл туралды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашында ол есін білмеген, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ертесіне көзін ашты, ота жасау қажеттілігі болмаған. Сүйегінің сынуы, бас миының шайқалуы, үшінші дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Бүгін жансақтау бөлімінен травматология бөліміне аударылды. Мамандардың айтуынша, келесі дүйсенбі, яғни 7 күннен үйіне жіберіледі. Қалған ем-дом шараларын тұрғылықты мекенжайы бойынша жалпы тәжірибелі дәрігер жазып берген тағайындауға сәйкес жүзеге асырылады.
Биыл жыл басынан бергі 9 айда биіктіктен құлау дерегі бойынша 33 дерек тіркелді, оның 17-сі тұрғын үйлерден құлаған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 1 бала қайтыс болған. Атап айтқанда, 17 ш/а орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен, нақтырақ айтқанда 8 қабаттан құлаған 1 бала көз жұмды.
Маңғыстау облысы