Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлері бейнеконференция байланыс режімінде өткен Табиғи монополиялар мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Табиғи монополиялар салаларын реттеуді үндестіру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының кезекті кезеңінің есебіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұжырымдамалық ескертулерін талқылау болды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар саласындағы өзекті мәселелердің ашықтығын және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында бұл зерттеуді «Табиғи монополиялар проблемалары институты» АВЕҰ тәуелсіз компаниясы жүргізетінін атап өткен жөн.
Тұтастай алғанда, ҒЗЖ зерттеудің түпкі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет үшін табиғи монополиялар салаларындағы жақындасуға жататын және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Мұндай құжатты мұқият пысықтаудың маңыздылығын ескере отырып, қазақстандық тарап пікірталастарға белсенді қатысты. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық тараптың ҒЗЖ ұсынымдарына бірқатар ескертпелері мен ұсынысы ескерілді, ал ескерілмеген ескертулер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше пікірін жазу шешілді.
Осылайша, Қазақстан тарапы жылу және электр энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерін көрсету, темір жол қызметтері, газ тасымалдау, әуежайлар және т. б. мәселелер бойынша қағидаттық ұстанымды ұстанады.
Бұл зерттеу ұсынатын ұсыныстардың тек ұлттық егемендікке (белгілі бір қызметтерді табиғи монополиялар мәртебесінен айыру) әсер ететіндігімен байланысты, мұндай жағдай сезімтал нарықтарды сақтау жөніндегі ұлттық мүдделерге сәйкес келмейді.
Кеңес соңында тараптар ҒЗЖ бойынша есеп жобасы тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, пысықтауды және қосымша талқылауды талап етеді деген пікірге келді. Кезекті жиналыс ағымдағы жылдың 15 қазанында өтеді.