Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев және табиғат пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Динара Еңсеген, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып "Каспий итбалығын бірге сақтайық" суретшілер байқауының жүлдегерлері мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Байқау қорытындысы бойынша Әділет Бердібай жеңімпаз деп танылды. Ал Александра және Виолетта Коротковалар екінші және үшінші орын бұйырды. Ұйымдастырушылар тарапынан, атап айтқанда "Су жүйелері бастамалары" қоғамдық қоры ноутбук, планшеттер, ұялы телефондар, құлаққаптар табысталса, бұған дейін Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және Маңғыстау облыстық табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков алғыс хаттар, футболкалар және бейсболкалар табыстаған болатын.
Жасөспірімдер мен балалардың табиғатқа жанашырлығын қалыптастыру, сондай-ақ суретке деген талантын дамыта түсу мақсатындағы аталған суретшілер байқауына 18 тәрбиеленуші қатысты.