• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қазан, 2020

Жаңа еңбектер жарық көрді

631 рет
көрсетілді

Елімізге белгілі жоғары оқу орындарының бірі – Қайнар академиясында ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің қос кітабының таныстырылымы болып өтті.

Ғалымның «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің тео­р­иялық сипаты» атты моно­графиялық еңбегі мен «Төрт­тілдік тақырыптық тілде­сім» деп аталатын оқу құралы жиынға қатысқан Алматы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен әдіскер-оқытушылардың тарапынан жоғары бағаланды.

Сөзжасамның жалпы теория­лық мәселелері, оның ішінде сөз­жасамдық ұяның көкейкес­ті мәселелері жан-жақты зертте­ліп, оның терең ғылыми негізін қала­ған «Сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері», «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проб­лемаларының ғылыми-тео­риялық негіздері», «Сөзжасам­дық ұяның парадигматикалық қатыстағы бірлігі мен сатылары» және «Сөзжасамдық ұяның синтагматикалық қатыстағы күрделі бірліктері» сияқты моно­графиялық еңбектермен қатар, отыздан астам ғылыми мақала жа­риялаған ғалымның жаңа ең­бегіне де ғылыми орта өз риза­шылығын білдірді.

Сөзжасам бойынша жазыл­ған теориялық еңбектер тара­лы­мының аздығы мен қолжетім­ділік деңгейінің төмен­дігі сөз­жасамның жаңа бағыт­тағы зерттеулерімен танысу қиын­шылығын тудырып отыр­ған­дығына байланысты, сөзжа­сам­дық ұя мәселесінің қазақ және орыс тіл білімдерінде зерт­телуі, сөзжасамдық ұяның анық­тамасын айқындауға арналған алғы шарттар, сөзжасам ұясының мағынасы, сөзжасамдық ұядағы туынды сөздер мен туынды түбір­лер, ұядағы сөзжасамдық жұр­нақ туралы сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық сипаты мен сөзжасамдық ұяның құра­мын­дағы сөзжасамдық бірліктер жайлы жазылған еңбектер жария­ланған монографияда жан-жақ­ты қарастырылып, «Қазақ тілі­нің сөзжасамы» пәнінің бағ­дар­ламасына бейімделіп берілгендігі өте орынды екені айтылды. Бүгін­гі таңда ғалымның жетек­ші­лігі­мен «Сөзжасамдық сөздік жасау­дың теориясы мен практикасы (қазақ тілі материалы негізінде)» атты ғылыми жоба қолға алынып, көп томдық сөзжасамдық сөздік түзу жұмысы жүргізіліп жатқаны да тілге тиек етілді.

Қазіргі Абылайхан атын­дағы Халықаралық қатынас­тар және әлем тілдері универ­си­те­ті­­нің неміс тілі факультеті­нің түлегі – академик К.Құр­­ман­әлиев тілші-ғалым ғана емес, елі­міз­дің жоғары оқу орын­дары­ның қазақ бөлімі студент­тері үшін шетел тілін оқып үйре­нуге арналған ғылыми-әдіс­те­ме­лік оқу-құралдардың, мето­ди­калық нұсқаулықтар, көп тілді тілдескіштер мен тілашар­лар, қос тілді сөздіктер жасау­ға шет тілін меңгерген профес­сор-оқыту­шылар құрамын жұмыл­ды­рып, табысты нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан белгілі әдіскер-ғалым екенін ғылыми жұртшылық жақсы біледі.

Қазіргі кезде оның жетек­шілі­гімен құрылған ғалымдар тобы «Шетел тілдерін қазақ бөлімі сту­денттеріне коммуникативті әдіс арқылы оқытудың теория­сы мен практикасы» атты ғылы­ми жоба бойынша зерттеу­лер жүр­гізілуде. Осы жоба­ның ая­сында алғашқы қоры­тын­­ды­лар негізінде жарияланып отыр­ған оқу құралында қазақ-орыс-неміс-ағылшын тіл­дерінде күнделікті қарым-қа­ты­нас жасауға қатысты тақы­рып­­тармен қатар негізінен сту­дент­тердің өмірімен байланысты та­қырыптар берілген. Әр тақы­рыптың мәнін ашатын жиі қолданыстағы сөздер топтамасы тіл үйренушілердің сөздік қорын мо­лайтуға мүмкіндік береді. Ең­бектің таныстырылымында сөз алған әдіскер-ғалымдар бұл еңбектің «Үш тұғырлы тіл» бағ­дар­ламасын іске асыруда да өз үлесін қосатынына сенімдерін білдірді.

Іс-шараны қорытындылаған Қайнар академиясының прези­денті, белгілі ғалым Еренғайып Омаров жоғары оқу орындары филология факультетінің сту­денттері үшін бүгінгі таныс­ты­рыл­ған қос еңбектің де қажет­тілі­гі мол екенін айта келіп: «Қазақ тілінің мәртебесі жайлы, қазақ тілінің қолдану ая­сын ке­ңейт­у, латын қарпіне көшу, Тер­ми­но­логия институтын құру, халықаралық терминдер, еліміздегі көп тілділік туралы келелі мәселелер көтеріп, ғы­лы­ми жиындарда, бұқаралық ақ­парат құралдарында тың идея­лар ұсынып, қоғамдық қай­рат­керлігін танытып жүрген академик Кәрімбек Құрманәлиевтің елін, жерін, тілін сүйген тіл жанашырларына туған тілді тұғырына қондыруда, мемлекеттік тіл мәр­те­бесіндегі деңгейін қамта­м­сыз етуде сөзбен емес, іспен қол­дауымыз керек деген өзіндік ұста­нымын ұсынылып отыр­ған осы екі еңбегі арқылы-ақ дәлелдеп отырғанын айтқым келеді», деді.

Кездесу соңында ғалым сту­дент­тер үшін Қайнар акаде­мия­сының кітапханасының қорына қос кітаптың жүз данасын сый­лық ретінде ұсынды.

 

Алтыншаш Арыстанбекқызы,

Қайнар академиясының профессоры, PhD докторы