• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Қазан, 2020

Коронавирустың жаңа симптомдары анықталды

546 рет
көрсетілді

Лондон университетінің колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавирустың жаңа симптомын анықтады. Олардың айтуынша, есту қабілетіндегі өзгерістер инфекциядан хабар беруі мүмкін, деп жазды Express.

COVID-19 анықталған бірқатар науқас оған дейін тиннитус – құлақтың шуылдауына шағымданған. Сонымен қатар коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастарда бұл симптом есту қабілетінің жоғалуына айналған жағдайлар болған.

Осыған байланысты ғалымдар дәрігерлерді пациенттердің есту қабілетіндегі кез келген өзгерістерге назар аударуға шақырды. Мамандар коронавирус кезінде құлақтың шуылдауынан басқа да белгілер болатынын атап өтті.