• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2020

Маңғыстауда "Шаңырақ" бағдарламасына 1500 адам өтініш білдірді

182 рет
көрсетілді

"Шаңырақ" бағдарламасы іске қосылған 2 айдың ішінде баспана алуға әкімдіктер кезегінде тұрған 1500 адамның өтініші мақұлданды. Бұл туралы брифингте Ақтау қалалық Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Медет Әбуғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

М.Әбуғалиевтің айтуынша, баспанаға мұқтаж 1986 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда, әкімдіктер кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініш қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Енді жобаға 2016-2017жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады.

– Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс деңгейінен аспайтын еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 140 өтініш қабылданды, оның 6690 кезекке тұру датасына (1986-2010жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 6 млрд астам теңгеге 470 несиелік өтініш мақұлданды. Ал, бағдарламаның екінші кезеңінде 18 770 өтініш қабылданды, оның 14 061 кезекке тұру датасына (2011-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 14 млрд астам теңгеге 1031 несиелік өтініш мақұлданды, – деді Медет Әбуғалиев.

Айта кетейік, әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін текwww.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірге банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

"Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл "5-10-20" бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдігі бар). "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында, 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін", деді Ақтау қалалық Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Медет Әбуғалиев.

Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 14қазан – 13қараша аралығында.