Норвегияның "Vårt Land" қоғамдық-саяси газетінде қазақстандық профессор және дипломат Әділ Ахметовтің "әл-Фараби және идеализм дағдарысы" атты мақаласы жарық көрді. Философтың 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында автор оқырмандарды қазіргі саяси тенденциялар мен Әл-Фараби мұрасы туралы ой қозғауға шақырды, - деп жазады Egemen.kz
"Неге әл-Фараби қазіргі әлемде әлде де өзекті болып табылады? Ол философ ретінде идеалды қала-мемлекет және осындай қалалар арасындағы қатынастардың моделі идеясын дамытып отырған болатын. Ол әсіресе "ізгілікті қала" деп аталатын, яғни жалпы адамзаттық бақытқа жету мақсатында бірге өмір сүретін және еңбек ететін адамдар мемлекетінің тұжырымдамасын құруымен танымал. Ізгілікті қала - Платон "Республикасының" жетілдірілген нұсқасы деп айтуға болады", - деп айтылған мақалада.
Әл-Фараби ұсынған қала-мемлекет органикалық тұжырымдамасының басты мақсаты - әділдік. Ол ізгі қала тұрғындары мен басшыларының маңызды сипаттамаларын мазмұндаған. "Адамдары өзара көмек көрсетіп еңбектену арқылы шынайы бақытқа жетуді мақсат еткен қала ізгі қала, ал адамдары өзара қолғабыс тигізіп бақытқа жетуге мақсаттанған қоғам ізгілікті қоғам болып табылады", - деп әл-Фараби өзінің әйгілі трактатында жазған.
Бірақ, Ә.Ахметовтің пікірінше, әл-Фараби қала-мемлекетімен шектелмей, идеяны идеалды мемлекеттен халықаралық ынтымақтастық үстем болған идеалды әлемге дейін одан әрі дамытады.
"Біз 2020 жылға келсек әлем өркендеуіне жету бағытына қажетті идеализмнің қарама-қайшылығына куә боламыз. Заманауи адам идеализмнің түбегейлі дағдарыста болғандықтан әл-Фарабидің ойларынан алшақтау сезінетін сияқты. Барған сайын халықтар арасындағы жақындасу идеялары мен бастамалары азаюда. Ғаламдық мәселелерді шешуге белсенді, шабыттандырылған және практикалық көзқарас жойылып бара жатқан сияқты, ал оқшаулану мен қақтығыстар күшейіп келеді" - деп атап көрсетеді автор.
Ә.Ахметовтің ойынша, әл-Фараби өз идеясының утопиялық табиғатын әлбетте түсінген, бірақ бұл идеяға күмәнге қарамай ұмтылуға шақырып отырған. Әл-Фарабиден кейін бірнеше ғасыр өткен соң ғана адамзат әрекетке қабілетті демократияны, билікті бөлу жүйесін құру арқылы жаппай теңдік пен түсіністікке қажет негізді орнатады. Не үшін? Жаппай бақытқа жету үшін - деп сенетін әл-Фараби.
Философтың өз сөзімен айтқанда: "Ұлттар бір-біріне бақытқа жетуі үшін көмектесудегі". "Ізгі ғаламдық әлем" тығыз және сапалы халықаралық ынтымақтастықты талап етеді. Тіпті қазіргі жағдайда бұл перспектива алыс болып көрінсе де, біз идеалдан ешқашан бас тартпауымыз керек. Бүгіндегі утопия дегеніміз ертең шындыққа айналуы мүмкін", деп түйіндеді қазақстандық ғалым.