• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Жол бойында көкпар тартқандар жазаланды

223 рет
көрсетілді

Алматы облысында сүндет тойдың құрметіне көкпар тартқандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Белгілі болғанғай, трассаның қақ ортасында тәртіп бұзған көкпаршылар Қарасай ауданының тұрғындары болып шықты. Көкпаршылардың видеосы әлеуметтік желіге тарап, халық наразылығын тудыртқан еді.

"1 қараша күні полицияға Алматы-Жандосов жолында көкпар ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұлттық ойынды Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол бес жастағы ұлын сүндетке отырғызу құрметіне көкпар ұйымдастырған. Ер азамат полиция бөліміне жеткізілді", делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

38 жастағы тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағына сәйкес жазаланатын болады. Енді оған қатысты іс тиісті органға жолданды.