• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2020

Алматы облысында пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді

139 рет
көрсетілді

Алматы облысында биылғы жылы 12,9 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 17 нысаны салынуда, 7 нысанның күрделі жөндеуіне  3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"COVID-19 індеті денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сын болды, қабылданған шараларға қарамастан кадр жетіспеушілігі, құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі әлі бар. Сондықтан жалпы пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді, соның 8,8 млрд теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды", - деп атап өтті А. Баталов.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды. Ол барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылды. Ал материалдық қолдау көрсету шеңберінде 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді, 1123 медицина маманына жергілікті бюджеттен 137 млн теңге сыйақы берілген.