• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Қараша, 2020

Алматыда COVID-19 диагностикалау мен емдеу тақырыптары дәрігер даярлаудың басым бағыттарына айналды

289 рет
көрсетілді

2020 жылы Алматы қаласының жергілікті бюджетінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 60%-дан астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Жоғары медициналық колледждің директоры Светлана Сұлтанғазиева мегаполистің денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлау жүйесі туралы баяндады.

Жоғары медициналық колледж Алматы қаласының практикалық денсаулық сақтау мамандарын дипломнан кейінгі даярлаумен айналысады. Колледж құрамында құрылымдық бөлімше болып табылатын және денсаулық сақтау саласында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік орталық бар.Медицина мамандарының біліктілігін арттыруда оқытудың 3 түріне бөлінеді:- бейіні бойынша жетекші отандық мамандарды тарта отырып, ел ішінде медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;- Алматы қаласына шетелдік жетекші мамандарды тарту және семинар-тренингтер (мастер-кластар) өткізу арқылы медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру);- шетелдік білім беру ұйымдарына және/немесе клиникалық орталықтарға жіберу арқылы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Орта медицина қызметкерлерін оқыту АМСКК басымдығын, оның көпфункциялылығы мен әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі. Медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту стандарттары әзірленген және бекітілген кәсіптік стандарттарға сәйкес келтірілген.

Оқу әдістемелік орталығында симуляциялық орталық (17 манекен мен фантом, оның 4-уі компьютерлендірілген), ана мен баланы қорғау орталығы және қосымша білім беру бөлімі жұмыс істейді.

Оқытудың негізгі бағыттары: ана мен баланы қорғау, АМСКК дамыту, қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету (халықаралық стандарттар: BLS, ACLS, PALS, PHTLS), Эпидемиология, клиника, COVID-19 профилактикасы, COVID-19-ға күдікті науқастармен қауіпсіз жұмыс.

"Биылғы жылы КВИ (Коронавирустық инфекцияның) диагностикасы және емдеу, жаңа инфекциялық клиникаларда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін даярлау бойынша тақырыптар оқыту үшін басым болды. Осы өзекті тақырыпқа шетелдік (Израиль, Германия, Ресей, Испания, Англия, Корея және т.б.) және отандық мамандарды тарта отырып, біліктілікті арттырудың 40-тан астам циклы өткізілді. КВИ (Коронавирустық инфекцияның) тақырыбы бойынша тәжірибелік денсаулық сақтаудың 3 мыңнан астам қызметкері оқытылды. Басқа циклдарда 4,5 мыңға жуық маман оқытылды", деп хабарлады спикер.

С.Сұлтанғазиваның айтуынша, жылдан жылға дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін дипломнан кейінгі даярлауға жергілікті бюджеттен қаржыландыру өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда 2020 жылы Алматы қаласының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 60%-дан астам қаржы бөлінді.

"2020-2021 оқу жылдарында біздің колледжде оқу үшін 325 грант бөлінді, ал алдыңғы жылдары гранттар саны 225-тен аспаған. Мұның бәрі Алматы қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органының тәжірибелік денсаулық сақтау проблемаларына жіті назар аударатынын білдіреді", деп толықтырды ол.