• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Алматыда қар тазалау жұмыстарына 567 техника жұмылдырылды

269 рет
көрсетілді

Алматы қаласында түнімен қар жауып, тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 12 қарашада жаңбыр жауып, артынан қалың қар түсті. Мамандардың айтуынша, түнде қалаға 4-7 см, ал таулы аймақтарға 10-12 см қар түсті. Жолдарға, қиылыстарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар шығарылды. 13 қарашада таңғы сағат 06:00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 1487 тонна материал пайдаланылды.

Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аумақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда. Қаладағы қар тазалау жұмыстарына 567 техника, оның ішінде 174 құмлақтырғыш және 1485 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылады.