Қаладағы көпсалалы стационарлар мен жұқпалы аурулар ауруханалары Нigh-Flow оксигенация аппараттарымен жабдықталған. Елорда әкімдігі COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге қажетті 50-ден астам жоғары технологиялық аппаратты сатып алды.
Жоғары ағынды оттегі-ауа оксигенациясы (High-Flow) оттегі терапиясымен респираторлы қолдауды қажет ететін науқастарға арналған. Терапияның бұл түрі әсіресе коронавирустан туындаған ауруларға аса қажет. Мұндай асқынулар: пневмония, гипоксиялық тыныс жетіспеушілігі, гипоксиялық респираторлық стресс синдромы.Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында HFNOT (high-flow nasal oxygen therapy) технологиясы орнатылғаннан бері денсаулығы жақсарып, ауруханадан аман-есен шығарылған 50-ден астам КВИ-мен ауырғандар ем алды.
"Мұндай құрылғының артықшылығы – бұл оксигенотерапияның классикалық түрлеріне қарағанда әлдеқайда тиімді, оларда саптамалары бар маскалар немесе резервуар сөмкелері бар маскалар қолданылады. HFNOT сонымен қатар өлі кеңістікті азайтады және көмірқышқыл газын жоғарғы тыныс жолдарынан шығаруға көмектеседі, бұл тыныс алуды азайтады және желдетудің тиімділігін арттырады", - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Бүгінгі таңда стационарлар ӨЖЖ аппараттарымен 100% қамтылған. Сондай-ақ 19 КТ (республикалық клиникаларды, жеке медициналық ұйымдарды және өзге де ұйымдарды қоса алғанда), 27 рентген аппараты, 1 мыңнан астам оттегі концентраторы және шамамен 1,5 мың оттегі нүктесі және т. б. бар.