Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәжіліс депутаты Роман Кимнің айтуынша, заң жобасымен 2 заңнамалық актіге: "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекске және "Ветеринария туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", деп айтып өтті.
Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру. Атап айтқанда, заң жобасымен ветеринариялық паспортты электронды форматта беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі іске асырылып отыр.
Көрсетілетін қызметті автоматтандыру, бұрын қағаз форматта дайындауға жіберілетін бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, адами фактордың әсерін жояды, осы құжатты беруді жеңілдетеді және алуды тездетеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алғышарттарын барынша азайту мақсатында заң жобасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға құқық беру ұсынылып отыр.