Мүсіндік туындының авторы Павел Шорохов Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өтінішіне жауап ретінде уақыттан және вандалдардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алды, - деп жазады Egemen.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында панноның алматылықтар үшін сүйікті сәулет бейнелерінің біріне айналғанын жазды.«Түйелер» сәндік бедерлі панносының авторы әрі мүсінші Павел Шорохов композицияны бастапқы қалпына келтіру туралы өтінішімді мақұлдады. 1982 жылы жасалған панно Достық скверінде тұр. Бүгінде ол алматылықтардың сүйікті архитектуралық бейнелерінің бірі», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.Алматы әкімі Павел Шорохов Алматының визиттік карточкасына айналған бірқатар мүсіндік туындылардың авторы екенін еске салды. Олар - Арбатта тұрған «Ойындағы балалар», «Фламинго», «Лотос», сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы «Акробатка», «Пантера», «Сайқымазақ» және т.б. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Италия музейлеріне қойылған.П. Шороховтың айтуынша, қазір ол сыртқы қабықты қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.«Көріп тұрғандарыңыздай, мыс қабықтың оң және сол жақ шеттері жұлынып қалған. Көп зиян келтірілген. Мыс қабатының шамамен үштен бір бөлігі зақымдалған. Модельдің өзі темірбетонмен құрастырылған», - деп түсіндірді автор.Осыдан кейін чеканканы қалпына келтіру әрі белгілі бір реңк беру үшін тонировка жасап, қабықты реттеу керек. П. Шороховтың айтуынша, панноны қалпына келтіру қиын әрі оны жөндеу үшін шамамен он күн қажет.