• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2020

"Ұлы дала тұлғасы" онлайн байқауы мәресіне жетті

389 рет
көрсетілді

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған жоғары оқу орындары арасында өткен халықаралық онлайн конкурс «Ұлы дала тұлғасы» мәресіне жетті. Байқауға Казақстан, Корей, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 55 студент іріктеу сынынан өтіп, ақтық мәреге жолдама алған. Өнер саласының елге белгілі майталмандарынан тұрған әділқазы мүшелері сараптап сайыстың нәтижелерін шығарды.

Сонымен, байқау қорытындысы төмендегідей: Бас жүлдені «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Альменов Чингис жеңіп алды. Сондай-ақ, «Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Дрожниченко Алина Бас жүлдеге;

«Мүсін» саласы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Ахмедов Тахиржан Бас жүлдеге болды. «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Аят Өркен - І орын; «Графика» саласы бойынша Чунгнам ұлттық университетінің(Оңтүстік Корея) студенті Eun Soo Kim - І орын;

«Мүсін» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Рыскелдиев Ануар - І орын;

«Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Сағындық Махаббат - ІІ орын;

«Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Дендер Дулат - ІІ орын;

«Графика» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Омарқұл Айгерім - ІІ орын;

«Графика» саласы бойынша Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің (Өзбекстан) студенті Нуманов Фирдавс - ІІ орын;

«Мүсін» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Анарбекова Назерке - ІІ орын;

«Мүсін» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Тихонова Дарья - ІІ орынға ие болды.⠀«Кескіндеме» саласы

К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Шавкатова Нодира - ІІІ орын;

«Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Қабыл Аян - ІІІ орын;

«Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ерсін Қайнар ІІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ІІІ орынға лайықтылар қатарында:

«Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Колесник Ольга; «Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Иташев Сагден; «Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Казакова Екатерина; «Мүсін» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Субботина Карина; «Мүсін» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Адилханова Айгерим; «Мүсін» саласы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Махмудов Мамауржан бар.

Ең үздік композициялық шешім номинациясы бойынша: Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Скакова Акерке; Ең үздік колористік шешім номинациясы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Тилляева Анастасия; Ең үздік авторлық қолтаңба номинациясы бойынша Чунгнам ұлттық университетінің (Оңтүстік Корея) студенті Yun Hee Rang лайықты деп танылды.

Қалған барлық қатысушы студенттерге сертификаттар берілді.

АЛМАТЫ