Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ұлы ақын, философ, саяси қайраткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жоғары оқу орындары арасында "Uly dala tulǵasy" халықаралық онлайн конкурсы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шараның шымылдығын академия ректоры Ақан Абдуалиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Онлайн форматтағы байқауға Қазақстан, Корея, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 80-ге тарта студент қатысып, оның 55-і ғана іріктеу сынынан өтті.
Қатысуға ниет білдірген студенттердің шығармалары бір ай бойы онлайн түрде қабылданды. Катысушылардың шығармаларын комиссия мүшелері онлайн режимінде бағалалап, ақтық сынға ұсынды.
Кескіндеме, графика, мүсін мамандықтарында білім алатын студенттер арасындағы халықаралық онлайн конкурсын «Көркемсурет» кафедрасы мен академияның «Музей және галереясы» бірігіп биыл алғаш рет өткізіп отыр.
Бұл жобаның жетекшілері және ұйымдастырушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, профессор Болат Тұрғынбай және академияның «Музей және галерея» меңгерушісі Манзура Қорғанбаева.
Халықаралық онлайн конкурсын қорытындылай келе, ұйымдастырушылар Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ақан Абдуалиевке, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР көркемөнер Академиясының президенті Амандос Ақанаевқа қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.
Іріктеу сынынан өткен 55 студент ақтық мәреге жолдама алып, байқау қорытындысы жарияланды.
Бас жүлдені «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Альменов Чингис жеңіп алды. «Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Дрожниченко Алина, «Мүсін» саласы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Ахмедов Тахиржан Бас жүлдені ие болды.
Ал І орынды «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының студенті Аят Өркен, «Графика» саласы бойынша Чунгнам ұлттық университетінің(Оңтүстік Корея) студенті Eun Soo Kim, «Мүсін» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Рыскелдиев Ануар иеленсе, ІІ орынды «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Сағындық Махаббат, «Кескіндеме» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Дендер Дулат, «Графика» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Омарқұл Айгерім, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің (Өзбекстан) студенті Нуманов Фирдавс, «Мүсін» саласы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Анарбекова Назерке, Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Тихонова Дарья еншіледі. Ал «Кескіндеме» саласы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Шавкатова Нодира, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Қабыл Аян, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ерсін Қайнар, «Графика» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Колесник Ольга, Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Иташев Сагден, Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Казакова Екатерина, «Мүсін» саласы бойынша Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Ресей) студенті Субботина Карина, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Адилханова Айгерим, К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Махмудов Мамауржан ІІІ орынға ие болды.
Осы байқауда «Ең үздік композициялық шешім» номинациясы бойынша академиясының студенті Скакова Акерке, «Ең үздік колористік шешім» номинациясы бойынша К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтының (Өзбекстан) студенті Тилляева Анастасия, «Ең үздік авторлық қолтаңба номинациясы» бойынша Чунгнам ұлттық университетінің (Оңтүстік Корея) студенті Yun Hee Rang лайықты деп танылды.
Байқау барысында қатысқан студенттердің барлығына сертификаттар берілді.