• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2020

"Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар марафоны басталады

327 рет
көрсетілді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші желтоқсанда Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бастады, бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀

Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыптық NIS Tallks өтеді. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀

Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жандарбек Бұлғақов шақырылды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы» атты онлайн конференция өтеді.⠀

Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ  көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы қорытындыланбақ. Әрбір өңірде балалартарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует»)  төрт бағдардан өткен.