• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Желтоқсан, 2020

Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

315 рет
көрсетілді

ОСК Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, Nur Otan партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген шешімде.

Еске салайық, Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді. Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.