• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2020

Түркия неліктен вирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтын болды?

237 рет
көрсетілді

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа: "Себебі ол зертханалық тәжірибеге сәйкес келмейді", деп түйіндеді.

Сондай-ақ ол басты мәселе ресейлік вакцинаның GLP-ге (зертхана тәжірибесіне) сәйкес келмеуінде деп топшылады.

Еске сала кетейік, Алтай аймағында COVID-19 инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасын бірінші болып қабылдаған 42 дәрігердің үшеуі коронавирус жұқтырған еді.