Сапархан Омаров Ақмола өңіріне жұмыс сапары барысында комбайн шығаратын зауыт пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындарды аралады
Министрдің сапары Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы ҚР АШМ-ның аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларымен кездесуден басталды.
ҚР АШМ басшысы «Казростинжиниринг» ЖШС комбайн шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы қондырғылары шығарылады. Жыл басынан бері кәсіпорын 26,4 млрд. теңгеге 440 комбайн құрастырған.
Сондай-ақ, облыс орталығында Сапархан Омаров Көкшетауда ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде өз өнімдерімен танымал «Гормолзавод» ЖШС-да болды. Қазір зауытта кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыратын жаңа цехтар салынуда.
Ауыл шаруашылығы министрі «Синегорье» ЖШС-де ұн өндіру, дәнді және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеу барысымен танысты. Кәсіпорында орнатылған инновациялық жабдық «дәнді және майлы» дақылдарды бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапар соңында министр «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-да болды. Жаңа өндіріс орны пайдалануға берілгеннен кейін құс етін өндіру жылына 25 мың тоннаға дейін артады.
Құс фабрикасына жақын жерде тағы бір инвестор өсімдік майын өндіретін зауыт салып жатыр. «Бота-2015» ЖШС-нің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды.