• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы неліктен «қызыл» аймаққа енді?

209 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елорданың неліктен «қызыл» аймаққа енгізілгенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қыркүйек айында және қазан айының бірінші онкүндігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды. Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті санның (R) бірліктен асып кетуі байқалды. R санының қазан айында 11 күн бойы және қараша айында 6 күн бойы төмендеді. Қалған уақытта R саны 1-ден асты, сондықтан қала «сары аймақта» болды», - деді Жанна Пралиева.

Оның айтуынша қазан айымен салыстырғанда өздігімен медициналық қызметке қаралып анықталғандар (аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін) және үй ошақтарында қатынаста болып ауырғандар (аптасына 15-тен 217 жағдайға дейін) саны көбейген. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 51,0-ден асқан.