Маңғыстау облысының полицейлері Каспийде жабайы үйректерді суға батырған балықшыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар Түпқараған аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
"Қазіргі уақытта тергеушілер олармен жұмыс істеп жатыр. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді (жануарларға қатыгездікпен қарау). Осы бапқа сәйкес 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған", делінген хабарламада.