• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Білім 20 Желтоқсан, 2020

Өзбек делегациясы NIS жетістіктерін зерттеді

458 рет
көрсетілді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылуы, ерекшеліктері мен жетістіктерін Нұр-Сұлтанда Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептер агенттігінің өкілдері зерттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агенттік төрағасының орынбасары Амирулла Абдуллаев пен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Фарход Ниязов NIS басшылығымен кездесіп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшеулер және педагогикалық бағдарламалар орталықтарының жұмысындағы басым бағыттармен танысты. NIS қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметтері бойынша, аккредиттеу мен сертификаттау, халықаралық мойындалу, бағалау жүйесі, оқу үдерісінің онлайн форматқа көшуі секілді заманауи білім берудегі стратегиялық тақырыптар өзбек әріптестеріміздің үлкен кәсіби қызығушылығын тудырды. Физика-математика бағытындағы, халықаралық бакалавриат және халықаралық мектеп – елордадағы үш мектепте әртүрлі бағыттағы – ғимараттың құрылысы, педагогикалық ұжымды қалыптастыру, NIS-Programme құру, іріктеу байқауын өткізу, әлеуметтік тәжірибелер мен элективті курстарды жүргізу, ата-аналармен ынтымақтастық орнату және т.б сұрақтар легі талқыланды.

Амирулла Абдуллаев бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бүкіл әлемде қазақстандық білім беру бренді ретінде танылғанын, инновациялық мектептер құру бойынша NIS-тің үлкен тәжірибесіне көптеген елдер қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.