• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Желтоқсан, 2020

Отандық ғалымдар симулятор ойлап тапты

126 рет
көрсетілді

Назарбаев Университетінің ISSAI ғалымдары бөлшектерге негізделген Сovid-19 симуляторын ойлап тапты.

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғалымдары пандемиямен күрестегі ең тиімді тәсіл­дер­дің бірі – халықты жаппай тестілеу және байланыста бол­ған адамдарды анықтау екенін ай­қындады.

Зерттеулер барысында зерт­­­теушілер байланыста бол­ған адамдарды бақылау үшін ар­найы мобильдік қосым­ша­ны пайдалану қатаң шектеу шараларын қолданбай-ақ, коро­на­вирустың таралуын тежеуге болатынын анықтады. Осыны анықтау үшін ғалымдар өздері ойлап тапқан жаңа тәсілді – бөлшектерге негізделген COVID-19 симуляторын қол­дан­ды. Бұл 2D картасы, онда адам­дар ұсақ бөлшектер тү­рінде ұсынылған. Карта адам­­дардың орналасқан жерін, қозғалу жылдамдығы мен эпидемиялық мәртебесін ес­ке­реді. Сонымен қатар ол адамда арнайы мо­биль­­дік қосымшаның бар еке­нін көр­сетеді, вирусты жұқ­­тыр­ған адам­мен байланыс сал­дары тура­лы хабарлайды, сондай-ақ COVID-19 тестілеу нәтижесін көрсетеді.

Модель вирусты жұқтырған және дені сау адамдарды әр­түр­лі түстермен көрнекі түрде көр­сетеді. Адамдар эпи­де­мия­лық жағдайға (денсаулық жағ­да­йына) байланысты әртүрлі санаттарға бөлінеді. Бұл аза­мат­­­тарға 2D картада вирус­ты жұқтырғандардың және де­ні саулардың жалпы санын ба­қы­лауға, инфекцияның таралу жылдамдығын қадағалауға, сондай-ақ қабылданған шара­лар­дың тиімділігін нақты түсі­ну­ге мүмкіндік береді.

Өз зерттеулерінде ғалымдар көк­темде Италияда COVID-19 эпи­центріне айналған Лом­бар­дия аймағындағы Лек­ко провинциясының нақты мә­лі­­меттеріне негіз­дел­ді. Ин­фек­­цияның таралу сцена­рий­ле­рін модельдеу барысында ғалымдар екі қарапайым шараны – вирусты жұқтырған адамдардың байланысын бақы­лау және халықты жаппай тес­ті­леуді бірлесе қолдану ауру мен өлім-жітімді едәуір төмен­де­тетінін анықтады.