• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2020

Қазақстан тарих ғылымының өткені мен бүгініне арналған конференция өтті

436 рет
көрсетілді

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75 жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.

Ш.Уәлиханов атын Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы» Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып өзгерді.

Конференцияға тарих, тарихнама, деректану және әдістеме; Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелері, этнография, археология және мұражай ісі, Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихы және оның сабақтастығы; тәуелсіздік жағдайындағы тарих ғылымының жай-күйі мен даму барысы, Қазақстан тарихының шешілмеген мәселелері мен «ақтаңдақтары», Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі мен ел тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі тұрғысындағы мәселелер арқау болды.