• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

«Іскер ана» орталығының бизнес инкубаторы алғашқы түлектерін қанаттандырды

525 рет
көрсетілді

Өтіп бара жатқан жыл өз қиыншылықтарымен келсе де, өмір жалғасын тауып жатыр. Бір кәсіп бастап, өнер үйренуге ұмтылғандар қашан да жо­лын табады. Мәселен, Алматыда көп балалы аналарға қолдау көр­се­­ту мақсатында өңірлік «Бақытты отбасы» орталықтарының база­сын­­дағы «Іскер ана» бағдарламасы да көп іс тындырып отыр. Мұнда олар­ды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіз­де­ріне оқытады.

Биыл Алма­тының к­өп балалы аналары кәсіп ашу үшін 406 млн тең­ге­ге дейін грант алды. Сол сияқ­ты «Шыңға өрлеу» әлеу­меттік клубы жобасы іске қосылып, мүгедек жандарды әлеуметтендіру және жұ­мыс­қа орналастыру мақ­са­тында алғаш рет Ten qogam әлеуметтік қолдау орта­лығы ашылды. Жыл соңына қарай, Алматыдағы «Іскер ана» орталығының Медеу ауданында орналасқан жалғыз бизнес инкубато­ры алғашқы түлектерін қанаттандырды. Алдымен «Іскер ана» орта­лық­тары қаланың бар­лық ауданында жұмыс істеп тұр­ғанын, бірақ Медеу ауда­нының артықшылығы әлеу­меттік бизнес бастау атауы­на ие болғандықтан, 4 модуль бойынша әйелдерді кәсіпкерлікке оқытатынын атап өту керек. Бизнес инку­ба­тордың алғашқы түлек­те­рі бір жыл білім алды. Енді қабылданатын топтар жарты жылдан оқитын болады.

«Бақытты отбасы» орта­лық­тары көп балалы әйел­дер­дің әлеуметтік тұр­ғыда алға жылжуына қаржылай емес қолдау көрсету мақсатында құ­рылған еді. Ал Медеу ауда­ны­ның «Бақытты отбасы» базасында құ­рыл­ған бизнес-инкубатор қабыр­ға­сындағы қолдаудың бұл форматы жас кәсіпкер аналарға жұмыстағы тәуекелдерді азайтуға, клиенттер тартып, табысқа жетуге көмектеседі.

Әлеуметтік инкубатор – Ме­деу ауданы әкімдігінің қол­да­уы­­­мен тегін қамтамасыз етілген, әр әйелге арналған жеке бөлмелері бар, кездесулер мен білім беру іс-ша­­ра­ла­рын өткізуге арналған кеңсе ала­ңы, кәсіп­кер­­­лер, үкіметтік емес сектор мен­ жер­­­гілікті би­лік арасындағы әлеу­мет­­тік серік­тес­тік­тің қа­нат­қақты жоба­сы. Әйел­дер­дің кәсіпкер ретінде өсуі­нің тамаша бір айғағы – бизнес-инкубатордың екі қаты­су­шы­сы 505 мың теңге стартап-гранттан бөлек әр­қай­сысы 2 млн теңге кө­ле­мінде екінші мемлекеттік қолдауға ие болды. Әйелдер өздерінің жаңа жобаларында осы инкубатор аясында одан әрі ынтымақтастықты біріктіруді көз­деп отыр.

2020 жылы 15 мемо­ран­дум­ға қол қойылып, олар инкубатордың тұжы­рым­да­ма­сын әрі қарай дамытуға сеп­­тесті. Әлеуметтік инку­ба­тордың ен­ді­гі мақсаты – ха­лық­тың әлеуметтік осал топтарын табысқа құлшындыра отырып, осы арқылы өмірлік қиын­шы­лықтарды жеңіп шы­ғу­ға ықпал ету. Бұл үшін олар кәсіпкерлерге идея­лық ке­зең­нен бастап тұрақты пози­цияны қалыптастыруға дейін қол­дау көрсетеді. Іс бастаған қыз-келін­шектер бизнестің қыр-сырын мең­­ге­реді.

Бүгінгі түлектер шамамен 10 млн теңгенің өнімін сата алды. Тү­лектер – бұл көп балалы аналар, олар­дың арасында бастапқыда АӘК алушылары болған. Бұл қыз-келін­шектер жеке кәсіп ашқаннан кейін АӘК-тен бас тартып, өздері де табыс таба бастады. Ерекше қажет­тіліктері бар балаларды тәр­бие­­леп отырған аналар да бар.

 

АЛМАТЫ