Алматыда Алмалы ауданының №109 сайлау учаскесінің бақылаушысы Раушан Оразалиева Алматы қаласындағы жалпы қалалық баспасөз орталығында ақпарат беріп, сайлау учаскесіндегі қазіргі жағдай, сондай-ақ бақылаушылардың жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Раушан Оразалиеваның айтуынша, сайлау учаскесі өз жұмысын уақытында бастады, сайлау учаскесін ашу талапқа сай өтті. Сайлау барысын бақылау да өз деңгейінде жүріп жатыр. Учаскеде барлық санитарлық нормалар сақталған: кіре берісте дезинфекциялық тоннель орнатылған, әр сайлаушының дене қызуы тексеріліп, бетперделер таратылып жатыр.
«Сағат 7:00-ден бастап сайлаушылар сайлау учас кесіне келе бастады. Біздің азаматтардың, қала тұрғындарының көңіл күйлерінің көтеріңкі болуы қуантады. Барлығы сәттілік тілеп, өз дауыстарын беруде», деді Р.Оразалиева. Учаскеде сайлаушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайлар жасалған.
Сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.