• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Қаңтар, 2021

Алматыда 6,5 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тексерілді

94 рет
көрсетілді

Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ күшейтілген жұмысын жалғастыруда. Өткен жылғы 8 қазан айынан бастап биылғы жылғы 10 қаңтар аралығында 802 тексеріс жүргізіліп, қамтылған 6720 нысанның 1163-інде (17,3%) карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 107,7 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 1008 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Заңды тұлғаларға-77,4 млн теңге сомаға 281; жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 млн теңге сомаға 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 4-10 қаңтар аралығында 72 тексеру жүргізіліп, 524 нысан қамтылған. 16 (3%) нысанда карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша 462-баптың 1-тармағы бойынша жабуға 18 материал және заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамағаны үшін  462-баптың 3-тармағы бойынша сотқа берілді.

Медеу ауданы бойынша - 7 материал («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС (Танцы) -4, «Централ»-1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 ланудж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС Небо-1 бары, «Оранжери Group» ЖШС 1 - рестобар, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары); Түрксіб ауданы бойынша - 4 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы); Алмалы ауданы бойынша - 4 материал («Арагоста» дәмханасы, «Дегирмен», «Дореми» караокесі, «Финик»-3 мейрамханасы) берілген.

Әуезов ауданы бойынша - 3 материал ( «Мята»-1 ланудж бары, «Алмалы»-2 караоке- бары, «Playstation Go»-1 ойын клубы). Сот шешімі шыққан кәсіпорындар қатарында Алмалы ауданы бойынша: «До ре ми» караокесі Мұқанов көшесі, 130 Бисенева Л. ЖК, «Дегирмен» дәмханасы Абай даңғылы, 91 «ASM group» ЖШС 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК айыппұл салу туралы шешім шығарды. «АсЖан» ЖК «Арагоста» дискотекасы бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 3 айға тоқтатылды.

Түрксіб ауданы бойынша: «Шашлычный двор» дәмханасының қызметі 1 айға тоқтататылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бижанов. Р ЖК, «Atlantis» бильярд клубына қатысты сот жеке кәсіпкер Ренат Маратович Бижановты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және Алматы қаласы, Наманганская көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Atlantis» бильярд клубының қызметін 1 ай мерзімге тоқтата отырып, мемлекеттік бюджет кірісіне 277800 теңге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

– Әкімшілік сот Илахунов ЖК «Раяна» дәмханасы, «Прованс» дәмханасы ДиСи Гарибян ЖК қатысты ҚР ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды, нысанның қызметін 1 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік жаза тағайындалды. Ал Медеу ауданы бойынша: Сот «Bm Trade Company» ЖШС «Артист»-1 барына қатысты қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Сот «Hookan Dreems» дәмханасының «Suddenly» ЖШС, «Оранжери Group» ЖШС, «Оранжери» рестобарын ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды және Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қайырбеков көшесі, 35а мекен-жайы бойынша орналасқан қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті ұсынатын «Hookan Dreems» дәмханасының бір айға тоқтатты.

– Әуезов ауданы бойынша: «Алмалы» мейрамханасы, жеке тұлға Сағынбеков Б-ға, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 28.12.2020 ж. «Алматинец» ЖШС-не 230 АЕК айыппұл салынып, 1 айға тоқтатылды. «Playstation Go»компьютерлік клубы – 1, жеке тұлға Дүйсен А.Ж-ға қызметін 1 айға тоқтата тұрып айыппұл салынды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе белгіленген жұмыс режімін бұзатын мекемелерге барудан бас тартуға шақырады. Санитарлық нормалар бұзылған жерлерде болу коронавирустық инфекцияның жаппай жұқтыру қаупін арттырады.

Бизнес субъектілері келушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін нысан аумағында эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі, термометрия жүргізуі, дезинфекторларды орнатуы, маскаларды киюі және оларды ауыстыру қағидаларының сақталуын бақылауы қажет.