• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қаңтар, 2021

Халықаралық Түркі академиясы Қарабақ туралы жаңа кітаптар шығарды

493 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Халықаралық Түркі академиясында Түркі Мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарабақ туралы жаңа кітаптар таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркі академиясы «Қарабақ – Әзербайжанның жауһары: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Жоғалған бақыт: Қарабақтың шынайы оқиғалары» және «Әзербайжан Халық Республикасы» кітаптарын шығарды.

«Халықаралық Түркі академиясы Қарабақ мәселесінде әрдайым Әзербайжанның жанында болды, қолдады. Бүгін біздің ең үлкен тартуымыз – Қарабақ туралы альбом-кітап пен Әзербайжан Республикасының жүз жылдығына арналған кітап және Қарабақтың шынайы оқиғалары туралы әңгімелер жинағы жарық көрді. Оған өткен жылдан бері жыл бойы дайындық жүргіздік. Сапалы суреттер мен материалдарды жинастырдық. Біздің бұл кітапты баспаға беруіміз Әзербайжанның Шушаны алуымен сәйкес келді», - деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жиын барысында.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы Музаффар Усманов, С.Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айтұлы және басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қырғызстан, Өзбекстан жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Онлайн режімде Қырғызстаннан Османакун Ибрагимов, Түркиядан Якуб Өмероғлу , Әзербайжаннан Ганире Пашаева, Өзбекстаннан Еркін Нуриддинов қатысып, сөз сөйлеген жиын барысында бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадовты Халықаралық Түркі академиясының арнайы алтын медалімен марапатталды.