• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қаңтар, 2021

Елімізде «Әлеуметтік кодекс» әзірленеді

797 рет
көрсетілді

Алда әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Сонымен бірге, алда бізді әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Мемлекеттің басымдығы – әлеуметтік осал азаматтарды қолдау болуы тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл ретте мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту қажеттігін айтты.

«Әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап береді», дейді Президент.