Кеншілер астанасында 11-17 қаңтар аралығында үстел теннисінен Қазақстанның жекелей-командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер арасындағы сында қарағандылық 13 жасар теннисші Алан Құрманғалиев топ жарды. Ол финалда өзінен он жас үлкен Дастан Кенжеғұловты (БҚО) тізе бүктірді.
Қыздар арасындағы финалдық жекпе-жек шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен елордалық Анастасия Лаврова арасында өтті. Бұл ойында Миркадированың мерейі үстем болып, чемпион атанды.
Ерлер арасындағы жұптасып өнер көрсетуде Тимур Келбуғанов (Алматы) пен Эрик Райтер (Қарағанды облысы) үздік шықса, қыздар арасындағы дәл осындай сында Әнел Бақыт (Алматы) пен Ангелина Романовская (Павлодар) топ жарды.
Ал аралас жұп сыны бойынша Айдос Кенжеғұлов (БҚО) пен Әнел Бақыт (Алматы) қарсылас шақ келтірмеді.
Ерлер арасындағы командалық сында Батыс Қазақстан облысының теннисшілері үздік шықса, қыздар арасында Қарағанды облысының ойыншыларына тең келер қарсылас болмады.
Қарағанды облысы