• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Қаңтар, 2021

Саяси модернизация кезеңі келді

2133 рет
көрсетілді

Президент Мәжілістің жаңа шақыры­лымындағы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде саяси реформаларды жүзеге асыру­дағы бірізділігін көрсетті.

Қазақстан былтырдан бері сая­си модернизацияға бет алды. Сол жоспар аясында саяси рефор­­малардың бірінші пакеті қабыл­данған-ды. Мәселен, саяси партиялар, сайлау, митинг туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Нәти­жесінде, қазір саяси партия­лардың тіркелуі үшін 50 пайызға дейін адам саны азайып 20 мың болды. 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін тікелей сайлау үрдісі бас­талады. Президент өз сөзінде сая­си реформалардың кезекті пакеті жүзеге асырылатынын жариялады. Мәселен, партиялардың Мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету ұсынысы айтылды. Бұл ұсыныстың көп партиялық­ты дамытуға ықпал ететіні анық. Себебі қазір әлемдік нормаларға, халықаралық тәжірибеге сәйкес сая­си партиялардың қоғамдық өмірге қатысуына алғышарттар жасалды. Соның негізі ретінде Қазақстанда кезекті саяси реформаларда жаңа заңнамалық шараларды қабылдау қарас­тырылып отыр.

Сонымен қатар жақында өткен Мәжіліс сайлауында қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар сайлау үрдісін демократияландыру бағытында барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «қарсы» деген баған енгізуді талап еткен болатын. Осы бағанды енгізу туралы Президент те атап өтті. Бұл өз ке­зегінде сайлаушылардың пікі­­рі ескерілетінін аңғартты. Соны­­­мен қатар Омбудсмен тура­лы жекелеген заңның қабыл­дануы және оны институттандыру тура­лы сөз болды. Бұл азамат­та­р­дың құқығын қорғауда басты алғы­шарт­тардың бірі болмақ. Осындай заңнамалардың енгізілуі саяси модернизацияның басты көрсеткіші деуге болады. Қазір парламенттік оппозиция институты пайда болды. Енді міне омбудсмен институтының пайда болуына әрекет жасалды. Бүгінгі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар­дың қадам-қадамымен жалғасаты­нын жеткізді. Президент реформалары шын мәнінде жүйелі әрі дәйекті жүргізіліп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Президент өз шешімдерінде қоғам пікірі ес­керілгенін көрсетті.

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,

саясаттанушы