• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қаңтар, 2021

Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды

162 рет
көрсетілді

Словакияда тұрғындарға коронавирус анықтамасының теріс нәтижесі болмаса, жұмысқа баруға немесе саябақта серуендеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Словакия премьер-министрі Игорь Матович Үкіметтің кезектен тыс отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуі COVID-19 өлімінің санымен және ауруханаларда науқастарды азайтумен тікелей байланысты болып отыр. Қатаң шаралар балалардың мектепке оралуын тездетуге көмектеседі.

Елде 7 ақпанға дейін үйден шығуға тыйым салынады. Тек серуендеуге ғана емес, сонымен қатар жұмысқа баруға да шектеу қойылды. Шектеулер 15 жастан 65 жасқа дейінгі барлық тұрғындарға қатысты. Сондықтан тұрғындарға қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп-тұру үшін ПТР анықтамасының теріс нәтижесі керек болады.

Айта кетейік, 18 қаңтардағы жағдай бойынша Словакияда коронавирустың 223 325 жағдайы тіркелді. Ал өлім саны 3 474-ке жетіп, 168 915 науқас дерттен айыққан.

 

Айтолқын МЫРЗАКЕРИМ