• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Шөл далада қар жауды

496 рет
көрсетілді

Алжир мен Марокко территориясындағы шөлде қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі араб мемлекетінің метеорологиялық қызметтері хабарлағандай, қаңтар айында түскен қардың көп мөлшері Алжир мен Марокконың бірқатар аймағында әлі күнге дейін қалып отыр.

Нәтижесінде, шөлдің кең аумақтары қарлы борандар мен мұздаған көлдері бар ақ кеңістікке айналды.

Екі елдің таулы аймақтарында жыл сайын қар жауып, әдетте көктем басталғанға дейін қар тау бөктері мен шыңдарында болатын. Алайда, бұл жолы жауын-шашын мол болып отыр.

Айта кетсек, қар Сахараның кейбір жерлеріне де жеткен. Солтүстік Африкалық қыстың экзотикалық көріністерін тамашалау үшін күнделікті туристер мен фотографтар келіп жатыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКЕРИМ