20 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз - 23; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз - 234;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.