• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2021

Алматыда студенттерге арналған 1,7 мың орындық ғимарат салынады

181 рет
көрсетілді

Алматыда соңғы екі жылда жоғары оқу орындары үшін 1,5 мың орынға жуық 5 жатақхана салынып, жаңартылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл 1,7 мың студентке арналған тағы екі ғимараттың құрылысы басталды. Осыған орай қала әкімі Б.Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының көпсалалы кешенімен танысты.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында қаладағы жоғары оқу орындарындағы студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жатақханалар салып жатқанын айтты. Бұл – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» негізгі міндеттің бірі. «Алматы – жастар қаласы. Сондықтан білім алып жүрген жастардың өмір сүру мен тұрмыс жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыра береміз», деп атап өтті Алматы әкімі.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының көпсалалы кешенінде 100 студентке арналған орын, оқытушыларға арналған бөлмелер, сондай-ақ асхана, киім жуатын орын, кітапхана, медициналық пункт, интернет-сыныптар қарастырылған.