• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2021

Қазақстанда пост-ковид оңалту бағдарламалары бар шипажайлар анықталды

713 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясынан кейін денсаулықты қалпына келтіру және осы аурудың алдын алу бүкіл әлемде бұрынғыдан да өзекті болып тұр. Өз кезегінде, мұндай сұраныс санаториялық-курорттық демалыс пен медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан өзінің бірегей рекреациялық ресурстарымен пост-ковид оңалту мақсатында санаториялық-курорттық демалысты ұйымдастыру бойынша ТМД көшбасшысы бола алады. Қолайлы климаттық жағдайлар, минералды су көздерінің және шипа балшық кен орындарының болуы Қазақстанның барлық өңірлерінде емдеу-сауықтыру аймақтарының дамуына ықпал етеді.

Короновирустан кейінгі оңалтудың сұранысы артып жатқанына байланысты Қазақстанның Ұлттық Курорттық қауымдастығы санаториялық-курорттық объектілерді зерттеу қорытындысын шығарып, COVID-19-ға шалдыққан адамдарды оңалту бойынша бағдарламалары бар 10 үздік санаторий анықтады. Мәселен, «Сарыағаш» курорттық аймағындағы санаторийлердің ішіндегі коронавирустан кейінгі оңалту бағдарламаларын ұсынатын ең үздігі және тиімдісі – «Алтынай» және «Қазақстан KZ» екені белгілі болды. Сондай-ақ бұл тізімге Түркістан облысындағы «Манкент» шипажайы да кірді.

Жамбыл облысында Merke Radon санаторийі және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау ШЖҚ «Айша-бибі» МКК санаторийінің оңалту орталығы аталды. Бұдан басқа, Ұлттық Курорттық қауымдастықпен короновирустан кейінгі оңалту бағдарламалары бар мынадай санаториялық-курорттық объектілер аталғын: Алматыда – «Қазақстан» санаторийі және Altyn Kargaly қонақ үй-санаторийі; Алматыдан үш шақырым жерде, Іле Алатауының етегіндегі – Almaty Resort санаторийі; Ақмола облысында – «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешені; Батыс Қазақстан облысында – Nurbergen Health Resort санаторийі және Ақтөбе облысында – «Шипагер» санаторий – профилакториі.

Естеріңізге сала кетейік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қазақстанның Ұлттық Курорттық қауымдастығымен бірлесе курорттық аймақтардың айналасындағы инфрақұрылымның бар-жоғын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын зерделей отырып, санаториялық-курорттық объектілерге зерттеу жүргізді. Онда 173 санаториялық-курорттық объектіге инспекция жүргізіліп, нәтижесінде жаңартылған тізілім, санаторийлер каталогы ұсынылды. www.kazakhstan.travel порталында жұмыс істеп тұрған санаторийлер туралы өзекті ақпарат орналастырылды, сондай-ақ бейнеролик шығарылды.