• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Алматыда карантин шараларын бұзған 200-ден астам мекеме анықталды

119 рет
көрсетілді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілуіне байланысты қаңтар айында 394 тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл бағытқа 3061 нысан қамтылса, олардың ішінде 224-інде ( 7,3%) карантин шаралары бұзылған. Тексерім нәтижесіне орай ҚР ӘқбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар сақтамағаны үшін 171 хаттама толтырылса, оның ішінде заңды тұлғаларға 14 643 340 теңгеге 44 хаттама толтырылған. Алжеке тұлғаларға бетперде тағу режимін бұзғаны үшін 127 хаттама толтырылып, 5 600 640 теңгеге айыппұл салынған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (МАӘС) заңды тұлғаларға қатысты 462 баптың 1 тармағына сәйкес «тексеруге кедергі келтіргені» және 462 баптың 3 тармағына сәйкес «кемшілікті жою туралы нұсқаулықты орындамағаны» туралы 20 материал берілді. Олар мыналар:

Алатау ауданы бойынша 3 материал («Жақсылық» кафесі, «Шашлык орталығы» кафесі, «Шамо» ЖШС бильярд клубы);

Алмалы ауданы бойынша 4 материал («Финик» мейрамханасы, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» кафесі, «Пират» кафесі);

Әуезов ауданы бойынша 1 материал («Рыба моей мечты» караоке-бары);

Бостандық ауданы бойынша 1 материал («Sunset» мейрамханасы «Мастер Фуд Казахстан» ЖШС);

Жетісу ауданы бойынша 1 материал (Ниязов Ж.А. компьютерлік клуб - 5 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 3 айға тоқтатылды);

Медеу ауданы бойынша 5 материал («Виктория» бинго-клубы, «Orda game center» ЖШС компьютерлік клубы, «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары);

Наурызбай ауданы бойынша 2 материал («Премьера» кафесі - 100 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 1 айға тоқтатылды), «Таужолы» кафесі - 100 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 1 айға тоқтатылды);

Түрксіб ауданы бойынша 3 материал («Қазақстан таэквон-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «БекАр» ойын клубы, «Erbil» мейрамханалық-қонақ үй кешені).

Сот арқылы жабылған карантиндік тәртіпті жиі бұзатындар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, жұмыстарын жалғастыруға тырысуда. Атап айтқанда, бейіндердің, ЖК-дің, ЖШС мейрамханалары мен түнгі клубтардың атауларын өзгертуде. Мұндай өрескел тәсілдерге «НЕБО», «БЛА-БЛА»мейрамханалары баруда. Олар мекемелерін басқа адамдардың аттарына аударып, қайта тіркелгеннен кейін жұмыстарын жалғастыруда. Соның салдарынан карантин режімін бұзған нысандарға су мен электр қуатын беруді тоқтату бойынша шаралар қабылданатын болады.

25 қаңтардан 30 қаңтар аралығында 89 мониторинг жасалып, оған 756 нысан қамтылса,  71 (9,4%) нысанның карантиндік шараларды бұзғаны анықталды.