2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері болып табылатын 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық олимпиадасы өтті.
Қашықтан өткен олимпиаданың алғашқы кезеңіне 9 579 оқушы қатысып, олардың 145-і қорытынды кезеңге жолдама алды. Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 9 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 16 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 28 оқушы марапатталады.