Биыл Қазақстандағы жануарларға 150 млн-нан астам екпе салынады. Бұл туралы еліміздің Ауылшаруашылық министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Жауаптылар сөзінше жыл ішінде жануарларға 151 млн-нан астам манипуляция және 68 млн-нан астам диагностикалық зерттеу жасалмақ. Осылайша мамандар аң-құстарды жұқпалы және экзотикалық аурудан қорғаймыз деп отыр.
Айта кетейік, халықаралық тізім бойынша инфекцияның 88 түрі енгізілген. Ал Қазақстанда 68 түрі тіркелген екен. Ал Шымкент қаласында 29 ауруға диагностика жүргізілмек. Сондай-ақ 14 түрлі ауруға вакцина егіледі деген жоспар бар. Осылай деген мегеполис жауаптылары 2 млн. 79 мың 500 бас малдың вакцина алатынын айтады.