Петропавл қаласында жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысушы жасырынбақ болып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол «Mitsubishi Delica» автокөлігімен әйел адам жүргізіп келе жатқан «Hyundai Solaris» -ке соғылған. Жәбірленуші Петропавл қаласындағы емдеу мекемелерінің біріне жүгініп, емделуге жатқызылған. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздеу тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған және оқиға орнынан кетіп қалған Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Қазір полиция оның автокөлігін арнайы тұраққа қойып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы «Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы» бойынша материал жиналды.
Жыл басынан бері облыста адамдардың денсаулықтарына зиян келтірілген оқиға орнын тастап кетудің 4 жағдайы тіркеліп, олардың үшеуі анықталған.