• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2021

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды

292 рет
көрсетілді

2021 жылғы 11 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, қайырымды істер қатарын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Департаменттің 10 шақты қызметкері донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесіп, өмірлерін құтқаруды мақсат етіп Қызылорда қаласындағы облыстық қан тапсыру орталығына келді.

Бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға рұқсат етіледі. Әр донордан 450 мл шамасында қан алады. Барлық процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минутқа жуық уақытты алады.

«Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаса керек және осы іс-әрекетіміз біреудің анасының, әкесінің, баласы немесе ағасының өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз және барлық азаматтарды осындай қайырымды іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз», деді департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов.

Айта кетерлік жайт, мұндай акция ҚАЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп тұрады.