Биыл алғаш рет қысқы медиа мектеп жұмысы онлайн өтті. «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әртұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебінің ашылуында факультет деканы Сағатбек Медеубек 100 жылдық үнжарияның қоғамдағы рөлін ерекше атап, шараға Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан бастаған радио ұжымы, еліміздің өңірлерінен, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен қатысқан практик мамандарды, журналистика факультеті студенттері мен оқытушы-ғалымдарды радио күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді. Бұл шара білім алып жүрген жастар мен кәсіби журналистердің медиа алаңына айналды.
ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік радио күнін: «Жаңа әлем. Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу» атты тақырыптарын қолдады. 2021 жылы ЮНЕСКО ғасырлық тарихы бар радиостанцияларға оныншы рет аталатын халықаралық күнді атап өту ұсынылған болатын. Биылғы радио күнін атап өту үш тақырыпқа аясында өтті.
ДАМУ. Әлем өзгереді, радио дамиды. Бұл тақырып радионың түрлі трансформацияға тұрақтылығы мен өміршеңдігін ерекше танытады.
ИННОВАЦИЯЛАР. Әлем өзгереді, радио инновацияларға иемді және оларды өмірге енгізеді. Кез келген адамға қолжетімді мобильдік ең жоғары ақпарат құралы ретінде радионы жаңа технологиялармен жабдықтауға тура келеді.
ӨЗАРА БАЙЛАНЫС. Әлем өзгереді, радио адамдарды байланыстырады. Бұл тақырып табиғи апатта, әлеуметтік-экономикалық дағдарыста, эпидемияда радионың арқасында қоғам осы оқиғаларды тыңдайды және көмекке шақыра алады.
Радионың адамзатты ағарту мен ақпараттандырудың теңдессіз құралы екендігін атап өткен Ернұр Көшерханұлы, 100 жылдықтың аясында әуе толқынында тыңдарманына жол тапқан жаңа бағдарламалар туралы ерекше атап өтті. Пандемия жағдайында журналистерге шығармашылық мүмкіндіктің берілуі, қашықтан радио жұмысын ұйымдастырудың оң кейстерімен бөлісті. Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы маманы Сергей Карпов Бүкіләлемдік радио күнінің жаһандық күн тәртібін атады. "Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу».
ЮНЕСКО көтерген басты тақырыптар аясында радионың төтенше жағдайдағы адамдардың өміріне араша, қатерге тосқауыл боларлық күші аталды. ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаменті өкілі Властимил Самек репортерлердің локдаун күндеріндегі жұмысын ерлікпен теңеді. Жұқпалы аурумен күресте радио шынайы ақпарат таратудың шұғыл, сенімді, бұқаралық құралы саналды. Осы ретте «Қазақ радиоларлы» ЖШС толқынында үздіксіз тараған СOVID-19 пандемиясы кезіндегі жалған ақпаратпен күрестегі ақпараттық күресін ерекше атады. Медиа шараның спикерлері қатарында Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбай, Комениус университетінің профессоры Владимир Бацисин, Алтай мемлекеттік университетінің журналистика теориясымен практикасы бөлімінің меңгерушісі, профессор Елена Васильевна Лукашевич, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Айна Дүйшекеева, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық журналистика факультетінің деканы Амрулло Каримов, Тәжікстандағы Славян университеті доценті Шаходат Сайбназарова қатысып, ұлттық радионың дамуы жайлы көз сөйледі.
Шараның қорытындысында Орталық Азия университеттері журналистика ғалымдары медиа нарықтағы ортақ үрдістер мен ұлттық даму моделін саралатайын ғылыми-талдамалық журнал шығаруды ұсынды. Еуразиялық кеңістіктегі медианың өзекті мәселелері, қоғамдық талқылаулары мен озат кейстерін талдау, сараптау журналдың басты бағыты болмақ.
2019 жылы 23 қарашада Бүкіәлемдік Теливезия күні аясында Ташкенттегі ЮНЕСКО қолдаумен өткен семинарда көпвекторлы ынтымақтастықты арттыру және интеграциялау мақсатында Орталық Азия университеттері журналистика және коммуникация ассоциациясы құрылып, алғаш төрағалықты Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті журналистика факультеті атқарып, 2021 жылы бұл миссия әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетіне табыстаған болатын.
Аталмыш қысқы мектеп ЮНЕСКО деңгейінде аталатын Бүкіәлемдік радио күніне халықаралық деңгейде үлес қосып отыр.