Финляндияның Вуокатти қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аралас эстафетада Қазақстан командасы 17 құраманың ішінен 15-ші орынға табан тіреді. Қазақстандықтан жеңімпаз атанған Норвегия құрамасынан 4 минут 50 секундқа қалып қойған.
15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева тіркеді. Ол 28-ші орынға табан тіреген. Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-ші орында. Мария Тиятова мәреге жете алған жоқ.
Ерлер арасында 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қазақстандық Темірлан Рамаш 53-ші нәтижені көрсетті. Темірлан Төлегенов 60-шы, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыда.
Ал ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 17-ші орынға тұрақтады.